Бас тақырып
19 қаңтар – Әскери тәрбиешілер күні
Қазақстанда «Әскери тәрбиешілер күні» жыл сайын 19 қаңтарда атап өтіледі. Бұл күн 1993 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қарулы Күштердегі командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институты құрылған күнін еске алу ретінде белгіленген.

Бұл сондай-ақ әскери тәрбиешілердің әскери ұжымдағы тәрбие, моральдық-психологиялық және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды жүзеге асыратын офицерлердің кәсіби қызметін құрметтеу күні.
Әскери тәрбиешілер жауынгерлердің патриоттық рухын көтеру, әскери тәртіп пен бірлікті нығайту бағытында жұмыс істейді. Сарбаздар және офицерлермен жеке әңгімелесу жүргізеді. Моральдық-психологиялық ахуалдың тұрақты болуына жауапты.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



