Жұмыс барысы талқыланды
«Нұр Отан» партиясының Нұра аудандық филиалында партия праймеризін өткізуге дайындық жұмыстары пысықталды.
Партияның Қарағанды облыстық филиал төрағасының орынбасары Назарбек Бекбатыров Нұра ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында филиал жанынан құрылған праймеризді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің мүшелерінің, санақ комиссиясы және партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен семинар өткізіліп, праймериздің ережесі түсіндірілді.
Назарбек Бекбатыров праймеризді өткізу жоспарына тоқталып, оған дайындық, кандидаттарды ұсыну және тіркеу, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, дауыс беру кезеңдерінің қалай жүргізілетінін түсіндіріп, партиялықтарды саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.
Жаза кетейік, іріктеуге жасы 20- дан асқан, сотталмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Өз тілшімізден.