Құрметті  металлургтер!

Қалыптасқан дәстүр бо­йынша бұл күндері біз Металлургтер күнін атап өте­міз. Биылғы жылы біз алғашқы қазақстандық шой­ын­ның алынуы мен Қазақс­тан Магниткасының мерейтойын атап өттік. Елі­мізде металлургиялық кәсіп­орын­дар көп болғанымен, оның ішінде Теміртау қаласы ғана «Қазақстан Магниткасы» деп аталады.

Қазақстан Республи­ка­сы­ның Тұңғыш Президенті Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев өз естеліктерінде Теміртау қаласын өзінің бесігі десе, металлургия саласын өзінің басты университеті деп атайды. Бұл жер  Елбасымыздың  Еңбек Отаны болып табы­лады.  Қазақстан Магнит­касында үлкен өмір мекте­бінен өткен Елбасы жұ­­мыс­шы­лардың еңбегіне әр­дайым құрметпен қарайды.

Металлургия саласының қызметкерлері ерекше құр­мет­ке ие. Өйткені, металды балқыту үлкен табандылық пен шеберлікті қажет етеді.

Бүгінде сіздер біздің ай­мақ металлургтерінің даңқ­ты еңбек дәстүрлерін жал­ғастырып келесіздер. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы еліміздің металлургия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі бойынша көшбасшы орында тұр.

Бұл мереке күні біз осы салада еңбектеніп жатқан барлық қызметкерлерге сүй­ікті  кәсіптеріңізге деген сүй­іспеншіліктеріңіз бен адал­дықтарыңыз үшін алғы­сы­мызды білдіреміз.

Орталық Қазақстанның қара және түсті металлургиясын дамытуға қосқан үле­сі үшін барша ардагер ме­таллургтерге шексіз алғы­сымызды білдіреміз.

Барлық металлургтерге зор денсаулық, бақыт жә­не амандық, елімізді өркен­детуде жаңа табыстар ті­лейміз.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,

Қарағанды облысының әкімі.

Серік ӨТЕШОВ,

облыстық мәслихат хатшысы.