Құрметті металлургтер!
Қалыптасқан дәстүр бойынша бұл күндері біз Металлургтер күнін атап өтеміз. Биылғы жылы біз алғашқы қазақстандық шойынның алынуы мен Қазақстан Магниткасының мерейтойын атап өттік. Елімізде металлургиялық кәсіпорындар көп болғанымен, оның ішінде Теміртау қаласы ғана «Қазақстан Магниткасы» деп аталады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз естеліктерінде Теміртау қаласын өзінің бесігі десе, металлургия саласын өзінің басты университеті деп атайды. Бұл жер Елбасымыздың Еңбек Отаны болып табылады. Қазақстан Магниткасында үлкен өмір мектебінен өткен Елбасы жұмысшылардың еңбегіне әрдайым құрметпен қарайды.
Металлургия саласының қызметкерлері ерекше құрметке ие. Өйткені, металды балқыту үлкен табандылық пен шеберлікті қажет етеді.
Бүгінде сіздер біздің аймақ металлургтерінің даңқты еңбек дәстүрлерін жалғастырып келесіздер. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы еліміздің металлургия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі бойынша көшбасшы орында тұр.
Бұл мереке күні біз осы салада еңбектеніп жатқан барлық қызметкерлерге сүйікті кәсіптеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз бен адалдықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Орталық Қазақстанның қара және түсті металлургиясын дамытуға қосқан үлесі үшін барша ардагер металлургтерге шексіз алғысымызды білдіреміз.
Барлық металлургтерге зор денсаулық, бақыт және амандық, елімізді өркендетуде жаңа табыстар тілейміз.
Жеңіс ҚАСЫМБЕК,
Қарағанды облысының әкімі.
Серік ӨТЕШОВ,
облыстық мәслихат хатшысы.