Компания көмек көрсетті

Қазақстандық BI Group инвестициялық-құрылыс холдингі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты медициналық мекемелерді заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуде көмек көрсетуді жалғастыруда. 80 төсек-орындық «Шахтинск қаласының орталық ауруханасы» КМК провизорлық стационарына 5 оттегі концентраторы әкелінді. Бұл қаладағы пациенттердің өмірін сақтауға көмектеседі.

Шахтинск қаласында күн сайын 7-8 науқас ауыр жағдайда. Оттегі концентраторы – оттегі цилиндрлерісіз қолданылатын оттегі қондырғысы. Ол ауаны су арқылы тікелей айналдырады және түтік арқылы пациенттерге оттегін жеткізеді.

«Біз бұл кезеңде ел үшін, ең қиын, қауіпті жұмыс дәрігерлеріміздің иығына түскен кезде бірігуге тиіспіз және мұндай қауіп-қатер алдында қазақстандықтардың бірлігін көрсетуіміз қажет. BI Group компаниясының бізді қолдағаны және олардың белсенді азаматтық позицияларын көрсеткендері үшін алғысымыз шексіз», – деді орталық аурухананың директоры Марат Байманов.

 Өз тілшімізден.