АймақЖаңаарқа

Дәрі-дәрмек бағасы — тұрақты

Дүниені дүрліктірген дерт дендегелі дәріхана айналасында әртүрлі алыпқашты әңгімеге «тамызық» табылып тұр. Соның бастысы әрі бірегейі — дертіне дауа таппай тығырыққа тірелген жұртшылықтың қолына түспей қинаған дәрі-дәрмек. Содан кейін сол тапшылықтан туған қымбатшылық. Кезінде құны қара бақыр тұрған қызу түсіретін дәріні қазір «ат басындай алтынға» айырбастауға таппасаң, таңданба!

Бүгінде аудан аумағында құрамында аудан әкімінің орынбасары, тауар және көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын аудандық басқарма қызметкері, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, ішкі саясат бөлімі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалы, құқық қорғау органы мен бұқаралық ақпарат құралы өкілі және қоғам белсенділері бар жедел мониторинг тобы дәрі-дәрмекке қатысты қалыптасқан жағдайға жиі бақылау жасауда. Әсіресе, тапшылық салдарынан қымбатшылыққа ұрынбау жағына жіті назар аударуда.

Кезекті тексеру қалыптасқан жағдайдың қалыпты екенін көрсетті. Дәрі-дәрмек бағасы тұрақты. Жетіспейтіні болса, тапсырыс дер кезінде беріліп отырады. 

Әлібек ӘБДІРАШ.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button