АймақҚарқаралы

Тұлғалар тұғыры жаңарды

Қарқаралыда қала келбетін көркейту мақсатында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, жақында қасиетті жердің топырағынан шыққан дана да дара тұлғалардың суреттері ілінген «Бәйтерек» және «Сарыарқа ұшқыштары» кешендеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Дана би – Қаздауысты Қазыбек бидің суреті ілінген фотошежірені жалғастырған батырлар, қоғам қайраткерлері, мәдениет, ғылым, өнер саласы майталмандарының келбеті бейнеленген орын – Қарқаралының төл құжаты іспеттес. Келген қонақтар алдымен осы алаңға келіп, киелі өлкеден қанаттанған перзенттер туралы мәліметтер алады. Бүгінде аталмыш орынға сырлау, тас төсеу жұмыстарымен қатар жарық шамдары орнатылып, орындықтар қойылды. Фотосуреттері де жаңартылды.

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, жерлесіміз, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің құрметіне орай ашылған «Сарыарқа ұшқыштары» кешенінде де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, фотосуреттер ауыстырылып, көгалдандырылды.

Аталмыш нысандарды жөндеу жұмыстарын мердігерлер – «Иманберлина А.А» және «Калым Абду» фирмалары жүргізген. Бұл жұмыстар қала басшылығының жылдық жоспарына енгізілген. Және жергілікті бюджеттен 10,1 млн. теңге қаражат бөлінген. 

Сағыныш ӘБІЛ.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button