Жаңалықтар

18-ге толған жеті адам дауыс берді

Майқұдықтың 15 ықшам ауданы №61 орта мектептегі сайлау учаскелеріне де тұрғындар ағылып келіп жатыр. Мұнда №136, №137, №138 сайлау учаскелері шоғырланған.

– Жалпы сайлаушылар саны 7020 адам. Қазіргі уақытқа дейін 1200-ден астамы дауыс беріп үлгерді, оның ішінде 18 жасқа толған жеті адам алғаш рет дауыс беріп тұр. Үш учаскеде 20 бақылаушы бар, заң бұзушылық орын алған жоқ. Сайлаушылардың көңіл-күйі жақсы, – дейді мектеп директоры №136 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Гүлзада Маженова.

Жәлел ШАЛҚАР

Басқа материалдар

Back to top button