Бас тақырыпБасты тақырып
“Ауыл береке – 2025” жәрмеңкесін жіберіп алмаңыз!
Қарағандыда осы сенбі, 18 қазан күні, дәстүрлі “Ауыл береке–2025” облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Шара “Global City” сауда орталығының аумағында сағат 9:00-де басталады.

Қарағанды қаласы әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңкеде өңірдің үздік фермерлері мен шаруа қожалықтары өз өнімдерін нарықтағыдан төмен бағамен ұсынады. Сауда қатарларында ет пен сүт өнімдері, көкөніс, балық және балдың кең ассортименті бар.
Көлігі жоқтар үшін №5, 19, 31, 40, 56, 63, 66, 70, 146, 02 және 29 бағытындағы автобустар жәрмеңке өтетін жерге дейін қатынайды.
Келесі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 1 қарашада өтеді.
Аяулым СОВЕТ