Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігін сынға алды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде менингит дертінің өршуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігін сынға алды. Спикер бұл туралы өзінің «Твиттер» желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Ortalyq.kz

«Менингит инфекциясының алдын алуға қатысты жағдай сын көтермейді. Жауапты министрлік бұл мәселені шешуде жайбасарлыққа салынып отыр. Сенат депутаттары үкіметке осы мәселеге байланысты сауал жолдайды», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.



