Бас тақырыпЖаңалықтар

Әйелдер қауымы қоғамның дамуына зор үлес қосып келеді

Құрметті ханымдар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күні біз сіздерге ыстық ілтипатымызды білдіріп, бізге күн сайын көрсететін қолдауларыңыз бен мейірімділіктеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Көктемнің алғашқы лебімен келіп жететін бұл мереке үйлесімділік пен нәзіктіктің, өміршеңдіктің символы іспетті. Сіздердің бізге танытатын қамқорлықтарыңыз бен даналықтарыңыз әр отбасына жайлылық пен жылу сыйлайды.

Бүгінде әйелдер қауымы қоғамның дамуына зор үлес қосып келеді. Сіздер қоғамның кез келген саласында білім беруде, медицинада, мәдениетте, кәсіпкерлік пен мемлекеттік қызметте және басқа да салаларда табысты еңбек етіп келесіздер. Сондай-ақ, сіздер жақындарыңызға сүйіспеншілік пен қолдау көрсетіп отбасының ұйытқысы бола білесіздер. Біз сіздердің осы қасиеттеріңізді жоғары бағалаймыз.

Көктемнің осынау жарқын мерекесі күні біз сіздерге зор денсаулық, амандық және отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз. Әр күн сіздерге тек қуаныш пен бақыт әкелсін.
Мереке құтты болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button