Жаңалықтар

Қарағанды облысында 23 мыңнан астам тұрғындар «Еңбек» бағдарламасына қатысты

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына осы жыл басынан 23 мыңнан астам тұрғындар қатысты. Алдын ала болжау бойынша, 2021 жылдың басында бұл цифр 43 мыңға жетеді. Өңірдегі бағдарламаның дамуы туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова баяндады.

Осы жылдың басынан қысқа мерзімді курстарға 546 адам бағытталды. Облыстың 2 409 тұрғыны «Бастау бизнес» курсынан өтті.

 – Пандемия басынан осы бағдарлама бойынша оқу онлайн-режимде жүргізілуде. Курс аяқталғаннан кейін көбісі несие алады немесе мемлекеттік гранттарды алуға байқауларға қатысады. Бүгінде 584 грант берілді. Бағдарлама бітірушілері бастайтын бизнестің ең көп қажет салалары сауда, көлік қызметтері, қызмет көрсету қызметі, өндіруші өнеркәсіп және денсаулық сақтау болып табылады, – деді Әсем Жүніспекова.

Осы жылдан бастап бос жұмыс орындарына 14 287 адам орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарын облыстың 638 тұрғыны алды. Жастар тәжірибесіне 944 адам, қоғамдық жұмыстарға 5 904 адам бағытталды.

Ағымдағы жылдың 1 тамызында өңірде 22 340 жұмыс орны ашылды.

Соған қарамастан, Әсем Жүніспекова атап өткендей, облыстың кейбір аудандарында жұмысты жеткілікті белсенді жүріп жатқан жоқ. Осыған орай, өңір басшысы Жеңіс Қасымбек бағдарламаны толық масштабты жүзеге асыруға барынша күш салуды тапсырды.

– Пандемия жағдайында біз адамдарды қолдап, жұмыс барын көрсетуіміз керек. Сондықтан дәл қазір «Еңбек» бағдарламасы өте маңызды, – деп атап өтті.

Басқа материалдар

Back to top button