Жаңалықтар

«Ortalyq Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары тағайындалды

Облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінде кадрлық өзгерістер болды. Газет Бас редакторының орынбасары қызметін атқарған Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТ басқа жұмысқа ауысуына байланысты, оның орнына бірнеше жылдан бері аталған басылымда жемісті еңбек етіп келе жатқан белгілі журналист Әлібек ӘБДІРӘШ тағайындалды.

Әлібек Тілеубергенұлы Әбдірәш жұртшылыққа ұзақ жылдан бері республикалық-облыстық, өңірлік басылымдарда жемісті қызмет етіп келе жатқан майталман маман ретінде танымал.

С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1975 жылы Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінде тілші болып бастаған.

Жезқазған облыстық радиосында тілші, жастар редакциясының редакторы, Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» (кейін «Сарыарқа») газетінде өнеркәсіп, құрылыс, транспорт бөлімінің аға тілшісі, меңгерушісі;

республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде экономика бөлімінің меңгерушісі;

халықаралық «Қазақ Елі» және республикалық «Жас Алаш» газеттерінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі;

аймақтық «Мысты өңір» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары;

облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде Балқаш бойындағы және Жезқазған жағындағы меншікті тілші болып істеген.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

Ұлттық «Алтын Гефест», республикалық «Алтын қалам», облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button