Дін-діңгекКоронавирус

Құрбан-айт биыл онлайн форматта өтеді

Биылғы жылы Құрбан Айт қалай өтетіні туралы Қарағанды облысындағы Әнет Баба мешітінің бас имамы Өмірзақ Бекқожа Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтып берді.

Биыл Құрбан айт 31 шілдеге келеді, елімізде карантиндік шаралар күшейтілу себепті ол онлайн-режимде өтеді.

– Биыл біз Құрбан айт мерекесін әдеттегідей қарсы алмаймыз. Карантин 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, оны онлайн тойлаймыз. Бұл ұлы күні құрбандық жасалады. Оны қалай өткізетініміз нақты анықталған жоқ. Бірақ ҚМДБ-ның республикалық онлайн-жиналысында оны онлайн режимде өткізу схемасы жасалды. Мобильді банктер арқылы әрбір адам қайырымдылық жасай алады. Соңыра мешіт өкілдері жиналған қаражатқа құрбандық шалу рәсімі өткізілгені туралы бейнесептер жібереді, – деді Өмірзақ Бекқожа.

Облыстың бас имамы COVID-19-бен күреске көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

– Мұндай қиын уақытта мұқтаж жандарға көмектескендердің барлығына алғысымды білдіргім келеді. Сондықтан “Ана-Мама”, “Батыл жүрек” және “Зекет” қайырымдылық қорлары осы аппараттар мен дәрі-дәрмектерді сатып алуға ақша жинауды бастады. Жеке кәсіпкерлер де COVID-19-бен күресуге көмектеседі, – деп атап өтті Өмірзақ Бекқожа.

– Біз адамдар жеке-дара дертті жеңе алмайтынын көріп отырмыз. Егер біз жалғыз қалсақ, қазір әркімге тиген қиындықтарды жеңе алмаймыз. Сондықтан бір-бірімізге қолдау көрсету керек және біз осымен белсенді айналысамыз. Олар бұған белсенді қатысуы үшін біздің келушілерді шақырғым келеді. Сол кезде біз қайғыны бірге жеңеміз, – деді Орыс Православие шіркеуінің епархиалдық басқармасының хатшысы Владимир Фреганг.

Облыста барлығы 315 Діни бірлестік және 15 конфессия филиалы жұмыс істейді.

Қарағанды облысының Дін істері басқармасының басшысы Дулат Халелдің айтуынша, облыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты ведомстваның жұмысы толығымен онлайн-режимге ауыстырылды. Әлеуметтік желі парақшаларда арандатушылық діни ағымдардың ибеологиясын түсіндіретін басқармасының материалдары орналастырылады. Instagram-да дінтанушы, теологтар және дін өкілдерінің қатысуымен тікелей эфирлер өтеді.

Басқарманың қызметі облыстың рухани басқармасымен бірлесе отырып, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған, деп атап өтті ол.

Басқа материалдар

Back to top button