ЖаңалықтарКоронавирус
Қарағандыда «Жолдағы қабылдау» акциясы өтуде
Қарағандыда кеңестік құқықтық көмек көрсету, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру мақсатында 17-18 шілде аралығында барлық карантиндік нормаларды сақтай отырып «Жолдағы қабылдау» акциясы өтуде.
Акцияны өткізу кезінде Instagram-да policeofkaraganda аккаунтынан тікелей трансляция ұйымдастырылады (17 шілде күні 15.00; 18 шілде күні 11.00, 15.00), онда онлайн-режимде қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға болады.
Акция барысында жедел желі, сондай-ақ (8-7212) 42-93-39 сенім телефоны жұмыс істейді.
«Жолдағы қабылдау» Қарағанды, Ермеков көшесі, 118, фронт-офисінің жанында өтеді.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.