Жаңалықтар
17 жастағы студент пышақ сұғып алған
22 қазан күні Қарағанды қаласында сағат 2:40 шамасында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жатақханасынан пышақ жарақаттарымен ауруханаға 17 және 18 жастағы студенттер жеткізілген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқиға орнында 17 жастағы күдікті ұсталды. Ол жәбірленушілерді жақтыртпау салдарынан пышақ жарақатын салғандығы туралы мойындады.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Басқа ақпараттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Процессуалдық Кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Қарағанды облысының ПД Баспасөз қызметі.