Жаңалықтар

17-23 қыркүйек. Апталық жұлдыз жорамал

Бұл күндері сізді қандай жаңалықтар мен жағдайлар күтіп тұр? Нендей істер үшін сәтті? Жұлдызшылар қай шаруаны қолға алуға кеңес береді? Барлық сұрақтың жауабын төменнен табасыз.

Тоқты

Бұл жұмада бірнеше маңызды шешімдерді түпкілікті қабылдауға не таңдау жасауға мәжбүр боласыз. Жұлдызшылардың берер кеңесі: жаңа тәжірибеге жүгінбеңіз, ескі, дәстүрлі жолмен жүріңіз. Осы күндері ет жақындарыңызды, отбасылық құндылықтарды бірінші орынға қойғаныңыз жөн. Бұл маңызды!

Торпақ

Жаңа таныстықтар үшін ең тиімді апта туды. Жалғызбасты Торпақтар өмірлік серігін табуы мүмкін. Осы күндері басталған махаббат хикаялары сіздің бойыңыздан жақсы қасиеттерді оятады. Өзге біреуге тәуелді болып қалам деп қорықпаңыз, сезімдеріңізді ашық айтып, эмоцияңызды айқын білдіріңіз. Отбасын құрған белгілер үшін де қарым-қатынасты нығайтып, жаңартуға қолайлы апта.

Егіздер

Астрологтар сізге бұл аптада қаржылық мәселелерге назар аударып, мұқтият болуға кеңес береді. Сонда жетінің екінші жартысында материалдық жағдайыңыз едәуір жақсаратын болады. Бұл күндер қомақты сауда-саттыққа, әсіресе, зергерлік бұйымдар алуға сәтті. Сондай-ақ, денсаулығыңыз айтарлықтай жақсарып, өзіңізді сергек сезінетін боласыз.

Шаян

Шаян белгісінде туғандар үшін бұл апта өзін-өзі дамыту жұмыстары үшін сәтті болмақ. Әсіресе, комплекске толы, өзін төмен бағалайтын жандар осы мінезімен жұмыс жасаса, оңай арыла алады. Бұл күндері өзіңіздің бағаңызды арттырып, пікіріңізді өзгерту оңай. Тіпті, ел алдында қандай да бір қабілетіңізбен көзге түсуіңіз де мүмкін.

Арыстан

Бұл аптада отбасыңызбен не туыстарыңызбен арада кикілжіңдер орын алуы ықтимал. Ондай бола қалса, үнсіз, әрекетсіз қалып, әліптің артын бағыңыз. Татулыққа шақырамын деп немесе айыптыны анықтаймын деп тырыспаңыз. Жағдайды одан әрі ушықтырып алуыңыз мүмкін. Кішкене күтсеңіз, уақыт өте келе бәрі өздігінен реттеледі. Ал сіз оған дейінгі күндерде жалғыздық пен оңашалықтың өзін пайдаға асырып, жан-жақты ойланыңыз, өзіңізді дамытумен айналысыңыз.

Бикеш

Бұл жетідегі көп күнін Бикештер дос-жаранның ортасында өткізеді. Байланыстарыңыз тығыз. Таныстық ортасы кеңейіп, жаңа достармен толығуы да бек мүмкін. Сондықтан, шақырылған жерден қалмаңыз. Әйткенмен де алғаш танысқан жанға сырыңызды ашып ақтарылуға да болмайтынын есте ұстаңыз.

Таразы

Бұл аптада жұлдыздар Таразыларға биік мақсаттар межелеп, соған қарай қарқынды қадам басуға кеңес береді. Себебі, бұл күндер мансапта жоғарылап, мақсатқа жетуге өте оңтайлы. Орын алған жағдайлардың көпшілігі сіздің пайдаңызға шешіледі.

Сарышаян

Бұл аптада сіздің алдыңызда маңызды таңдау тұр: күш-қуатыңызды қайда жұмсайсыз және қандай бастаманы қолға аласыз? Жұлдыздардың кеңесі қажет болса, олар өзіңізді дамыту, білімді жетілдіру, саяхатқа шығып, таным көкжиегін кеңейту және ғаламтор арқылы таныстықтарды арттыруға жол нұсқайды. Дегенмен, соңғы шешім өзіңізде.

Мерген

Материалдық жағдайға, қаржылық міндеттерге қатысты мәселелерді шешуге оңтайлы апта. Алайда, жұлдыздар бір нәрсені ескертеді: күмән туғызатын тұлғалардан, қаржылық айла-амалдардан аулақ болыңыз. Аптаның екінші жартысы махаббат оқиғаларына толы болмақ.

Тауешкі

Бұл апта отбасылы Тауешкілердің есінде ерекше қалатын болады. Көптеген жұбайлық бақытты сәттерімен. Өмірлік серігі жиі қуантып, жақсы жаңалықтармен бөліседі. Бұл күндері бірге армандап, болашаққа жоспар құрыңыздар. Және орындалатынына сеніңіздер. Сонда бәрі болашақта расында да жүзеге асады.

Суқұйғыш

Денсаулығыңыз айтарлықтай жақсы, бойыңыз күш-қуатқа толы болатын апта. Өмір салтыңызға физикалық жаттығуларды ендіруге бұл күндерден оңтайлы уақытты таппассыз. Қызметтік міндеттерге қатысты шаруаларыңыз да өрге басады. Жоспарлар уақытында әрі ойдағыдай орындалады. Дегенмен, серіктестермен арада пікірталас не көзқарас қайшылығы орын алуы да ықтимал.

Балықтар

Көпшілік Балықтарда бұл күндер шығармашылық қабілеттердің шарықтайтын уақыты. Сондықтан, шын мәнісінде қызығушылық танытатын, жаныңыз қалайтын істермен көбірек шұғылдануға тырысыңыз. Дәл осы хоббиіңізді дамытсаңыз, болашақта танымалдылық пен табыс әкелуі әбден мүмкін.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button