Жаңалықтар
1677 тонна қоқыс шығарылды
Өңірде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасуда. Бұл жолы Абай қаласының сыртында заңсыз төгілген 1677 тонна қоқыс арнайы полигонға шығарылды.
Қалада рұқсат етілмеген жерге төгілген қоқыс үйінділері көп. Мамандар арнайы техникалардың көмегімен қоқыс полигонына шығарып, қала сыртындағы қоқыс үйінділерінің көзін жойды. Нәтижесінде, 1677 тонна қоқыс қалдығы шығарылып, екі гектар жер құнарландырылды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Сурет пен видео ұйымдастырушылардан.
Ortalyq.kz