Ермағанбет Бөлекпаев: Маңызды нәтижелерге қол жеткіздік

Құрметті қарағандылықтар!
Сіздерді алда келе жатқан 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында біз өткен жылдың ең маңызды сәттерін еске алып, жетістіктерімізді саралап, қорытынды жасаймыз. Алдағы жылға үміт артып, жаңа жоспар құрамыз.
Өткен жыл біз үшін бірлескен күш-жігер мен қажырлы еңбектің, елеулі жетістіктердің кезеңі болды. Біз бір-бірімізді қолдап, алға ұмтылдық, қиындықтарды еңсеріп, маңызды нәтижелерге қол жеткіздік. Сіздердің күнделікті адал еңбектеріңіз бен туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіздің арқасында аймағымыз дамып келеді. Бұл үшін біз сіздерге алғысымды білдіреміз.
Құрметті жерлестер, сіздерді келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз! Жаңа жыл – бұл жылылыққа, қуаныш пен жақсылыққа толы ерекше мереке. 2026 жыл сіздердің отбасыларыңызға тұрақтылық пен әл-ауқат, мықты денсаулық, бейбітшілік пен бақ-береке әкелсін. Армандарыңыз орындалып, әр жаңа күн қуанышқа, жаңа жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктерге толы болсын. Алдағы жыл еліміз бен Қарағанды облысы үшін құтты-қайырлы болсын!
Жаңа жылдарыңызбен!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы



