Жаңалықтар
Зейнетақы мөлшері артады
2026-дан бастап Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеге дейін көтеріледі — қазіргі 62 771 теңгеден 6 278 теңгеге артуы жоспарлануда. Сонымен қатар, базалық зейнетақы төлемі 2025 жылғы 32 360 теңгеден 2026 жылы 35 596 теңгеге дейін өседі деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Қазақстанда зейнет жасы ерлер үшін 63 жас, әйелдер үшін 61 жас (2028 жылға дейін осылай қалады). Қазақстандағы зейнетақы үш бөліктен тұрады:
- Ортақ зейнетақы – 1998 жылға дейін жұмыс істеп, бұрынғы жүйеге жарна аударғандарға мемлекет төлейтін бөлігі.
- Базалық зейнетақы – барлық зейнеткер алатын мемлекеттік төлем. Оның мөлшері еңбек және сақтандыру өтіліне байланысты.
- Жинақтаушы зейнетақы – адамның өзі БЖЗҚ-да жинайтын қаражаты: жалақысының 10 пайызы ай сайын жеке зейнетақы шотына аударылады.
2026 жылы индексациядан кейін ең төменгі зейнетақы 104 645 теңге, ал ең жоғарысы 238 412 теңге болады.
Бюджет жобасында орташа көрсеткіштер де келтірілген. Құжатқа сәйкес:
орташа зейнетақы:
- 2026 жылы – 103 687 теңге,
- 2027 жылы – 108 940 теңге,
- 2028 жылы – 113 995 теңге болады;
орташа базалық зейнетақы:
- 2026 жылы – 54 082 теңге,
- 2027 жылы – 58 276 теңге,
- 2028 жылы – 61 527 теңге болады.
Бұл сомалар жыл сайын біртіндеп өсіп отырады.
Жамал АКПАРОВА



