Жаңалықтар

Қарағанды облысының тұрғындары Wooppay компаниясында тегін оқудан өте алады

Wooppay компаниясы Қарағанды облысының тұрғындары үшін қаржылық технологиялар саласында тегін оқыту жүргізеді. Ең еңбекқор және қабілетті адамдар кейіннен жұмысқа орналасу мүмкіндігімен ақылы тағылымдамаға шақырылады.

Айта кету керек, Wooppay халықаралық финтех-компаниясының техникалық қолдау қызметі техникалық қолдау академиясының екінші легін іске қосты. Бұл оқыту саппорт саласында жұмыс істейтін немесе IT саласында мансабын бастағысы келетіндерге қатысты.

– Біз өз қолдау қызметімізді нөлден бастап, сынақтар мен қателіктерді өткере отырып құрдық. Көп нәрсені үйреніп алдық, тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз, – дейді Wooppay компаниясының техникалық қолдау қызметінің басшысы Александра Караман. – Пайдаланушылармен қалай жұмыс істеу керектігін үйреткіміз келеді. Сондай-ақ, онлайн-төлемдерге қатысты бірнеше қаржылық сауаттылық сабақтарын өткіземіз. Бірінші ағымнан шыққан екі оқушы бүгінде қолданушыларға біздің жетекші мамандарымыз ретінде көмектеседі.

Оқыту 19-21 қазан аралығында өтеді.

Өтінімді келесі сілтеме бойынша қалдыруға болады немесе мына телефондар бойынша: +7-701-527-96-97, +7-701-514-71-07.

Басқа материалдар

Back to top button