Жаңалықтар

Құрметті Қарағандылықтар!

Сіздерді Рухани келісім күнімен құттықтаймыз! Бұл ұлт пен дінге қарамастан қоғамдағы тұрақтылық пен келісім үшін бәрімізді біріктіретін күн.

Біздің мемлекетіміз өз еліндегі тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, бүкіл әлемдегі дін өкілдерін конструктивті диалог жүргізуге жұмылдыруға тырысады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бес съезін өткізу осындай саясат табысының жарқын мысалы болды.

Қазақстандағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі бүкіл әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның бүгінде 18-ден астам конфессияға біріккен 100-ден астам этнос өкілдері достық пен келісімде өмір сүріп жатқан көпұлтты ел екенін тағы да көрсетті.

Конфессияаралық келісім дәстүрлерін қастерлеудің жарқын мысалдарының бірі ретінде біздің Қарағанды қаласы болып табылады. Қаламызда 20-дан астам этномәдени бірлестік, 15 діни конфессия бар.

Біздің қаламыздың жастары халықтар арасындағы ізгілік пен келісім идеяларын толық қолдайтынын атап өту маңызды. Бұл этномәдени бірлестіктердің 16 жастар ұйымының бар екендігін айқын көрсетеді.

Осы мереке күні әрбір қазақстандыққа зор денсаулық, отбасылық амандық, бақыт, жылулық және жақындарыңыз бен туыстарыңызға қамқорлық тілейміз!

Өзара құрмет, жанашырлық, мейірімділік және игі істер біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда бейбітшілікті, келісімді нығайту және өркендеу жолында әрқашан өміріміздің ажырамас бөлігі болсын!

Е.БӨЛЕКПАЕВ,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,

Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button