Ресми

Қарағандыда қоғамдық жұмыстар мен жастар тәжрибесін ұйымдастыруға өтінімдер қабылдау басталды

Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 2021 жылы қоғамдық жұмыстар мен жастар тәжірибесін ұйымдастыруға өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін орындарды бөлу жұмыс берушілер мәлімдеген орындарды өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдалылыққа мониторингтеу нәтижелерін ескере отырып жүргізілетін болады. Қоғамдық жұмыстар алдын ала кәсіби даярлықты талап етпейді.

Жастар тәжірибесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарының оқуын аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде және 29 жасқа дейінгі жұмыссыз түлектеріне арналған.

Халықты жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбегі үшін республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен ақы төлейтін болады.

Өтінімдер 1 қарашаға дейін egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қабылданады.

Анықтама телефондары: 996-394 және 996-402. Сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін Қарағанды қ., Бұқар-жырау даңғылы, 51/4 (Kimex БО) мекенжайына хабарласуға болады.

Басқа материалдар

Back to top button