Аймақ

Бұқар жырау ауданында ұстаздар ұлықталды

Биылғы оқу жылында Бұқар жырау ауданы әкімінің сыйлығын алуға өңір мұғалімдері арасында байқау жарияланған болатын.

    Мұғалімдер күні қарсаңында осы байқаудың қорытындысы шығарылып, жақында пайдалануға берілген Үштөбе ауылдық Мәдениет үйінде жеңімпаздарды аудан әкімі Ерлан Құсайынның өзі марапаттап, оларға жүлделерін тапсырды.

 Байқау 6 аталымда өтіп, “Үздік бастауыш сынып мұғалімі” болып Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ЖБОМ мұғалімі Жанар Төлеутаева танылып, оған 150 мың теңгенің ақша сертификаты берілді. “Үздік балабақша тәрбиешісі” аталымында “Росинка” ясли- балабақшасының тәрбиешісі Елена Арцыбашева жеңіске жетіп, оған да осындай ақшалай сый ұсынылды. Қалған “Үздік пән мұғалімі” аталымында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ЖБОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар  Кәкенова, “Олимпиада және байқау жеңімпаздарын дайындаған үздік ұстаз” аталымында Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы ЖБОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салқын Баяхметова, “Үздік қосымша білім беру педагогі” аталымында “Руханият” қосымша білім беру орталығындағы домбыра сыныбының педагогі Жазираш Бимарденова да 150 мың теңгеден ақша сертификаттарын алса, “Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін” аталымында Сарытөбенегізгі орта мектебінің директоры Гүлім Ахатаеваның еншісіне 250 мың теңге тиді.

  Бұл жолы аудандағы педагогикалық қызметтің бір топ үздіктеріне де түрлі деңгейдегі Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар тапсырылды.

Ержан Имаш,

Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button