Ресми

Жас кәсіпкерді жаңа белестер күтеді

Қарағанды облысында жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жыл сайын облыс әкімінің гранттары тағайындалатыны белгілі. Ел аумағында қазіргі таңда қалыптасқан ахуалға қарамастын, бұл үрдіс биыл да жалғасын тауып отыр.

Осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің төрағалығымен жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жас кәсіпкерлер үшін онлайн оқыту семинарын өткізді.

Жиын барысында сөз алған «Жұмысшы жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұргелді Омарханов қатысушылар назарына грант алуға қатысу шарттылықтары туралы толыққанды мәліметті ұсынды.

Оның айтуынша, Қарағанды облысы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамыту мен қолдауға арналған грант жобасының биылғы ерекшелігі – ауыл жастарының ғана емес, қалаларда тұратын жастардың да қатысу мүмкіндігін иеленуі. Негізгі талап – қатысушының 18-29 жас аралығында болуы.

Жобаны іске асыру мерзімі 30 маусымнан 30 қазанға дейін жоспарланып отыр.

Әр гранттың сомасы – 1 000 000 теңге.

Конкурсты ұйымдастыру 6 кезеңге бөлінген. Біріншісі, дайындық кезеңі – 29 маусым мен 10 шілде аралығында өтті.

Екінші кезең – конкурсты жариялау, өтінімдерді қабылдау кезеңі – 10 шілде мен 10 тамыз аралығы.

Үшінші кезең – өңірлерге шығып, жобалармен танысу: 11 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында.

Төртінші кезең – бизнес жобаларды қорғау, жеңімпаздарды анықтау: 11 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығы.

Бесіншісі, гранттарды табыстау кезеңі, грант алушылармен келісім-шартқа отыру 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығына жоспарланды.

Алтыншы кезең – шығармашылық есеп дайындау.

Жәнібек ӘЛИМАН.

Басқа материалдар

Back to top button