Ресми

Жас кәсіпкерге – жаңа мүмкіндіктер

Қарағанды облысы әкімдігінің ұйғарымымен биыл жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған гранттың жалпы сомасы 10 млн. теңгеден 100 млн. теңгеге дейін ұлғайтылып отыр. Гранттар әр жобаға 1 млн. теңгеден бөлінеді және жалпы жобаларға 100 грант берілетін болады. Биыл грантты алуға ауыл жастарымен қатар, қалаларда тұратын жас азаматтар да қатыса алады.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің төрағалығымен облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма жас кәсіпкерлер үшін онлайн оқыту семинарын өткізді.

Семинарға кәсіпкерлік саласы бойынша тренерлер, аудандар мен қалалардың жастар ресурстық орталықтарының директорлары және облыстың жас кәсіпкерлері қатысты.

Абзал Нүкенұлы өз сөзінде алғашқы 50 млн. теңгеге өтінімдер қабылдау басталғанын және оның 10 тамызға дейін жалғасатынын атап өтті. Сонымен қатар, облыс жастарының өз жобаларын ұсынуда белсенділік танытып, оны одан әрі қарай жүзеге асыруына үлкен үміт артатынын жеткізді.

Семинар аясында тренерлер жобаға қатысу үшін өтінім құру, бизнес жобалар әзірлеу мен есептеу және тағы басқа маңызды сауалдар бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

Басқа материалдар

Back to top button