Бірлескен меморандум – мәселенің түйінін тарқату тәсілі
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мен “Қазақмыс” корпорациясы” ЖШС Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларында коронавируспен күрес бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеп, меморандумға қол қойды.
Меморандумда “Қазақмыс” корпорациясының денсаулық сақтау нысандарын толыққанды жабдықтауға мақсатты негізде қатысуы көзделген. Атап айтқанда, үш қаланың денсаулық сақтау нысандарының емдеу қоры үшін қосымша медициналық құрал-жабдықтар мен дәрілік препараттар сатып алуға, амбулаториялық медицина қызметкерлерінің тәулік бойы қозғалысын қамтамасыз ету үшін көлік ұйымдастыруға және тағы да басқа қажеттіліктерге жалпы сомасы шамамен 1,0 миллиард теңгені құрайтын қаржы бөлуі қарастырылған.
Меморандум талаптарын жүзеге асыру аясында Балқаш қаласының орталық ауруханасына 50 дана оттегі концентраттары қойылды. Сонымен қатар, осы құжат бойынша өкпені жасанды желдету аппараттары, виброакустикалық аппарат, медициналық газдарды тарату жүйесі (оттегі) орнатылады.
Меморандум аталған іс-шаралармен ғана шектелмейтінін атап өткен жөн. “Қазақмыс” корпорациясы болашақта КВИ-мен күреске қажеттіліктерді анықтау және оларды дер кезіңде оңтайлы шешу бойынша денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізуді және жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы халықты тұрақты хабардар етуді де жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда бір-бірімізге жанашырлық таныту, бірге әрекет ету – өте маңызды шарттылық. Сондықтан, “Қазақмыс” корпорациясы өңірлердегі тұрғындарға медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты шараларды толығымен жүргізіп жатыр.
Оттегі концентраторы – жоғары концентрацияланған оттегіні түрлендіріп, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бар науқастарға пайдалануға ұсынылатан құрал. Оттегімен қаныққан газ қоспасымен дем алу тыныс алу және жүрек жұмысының жетіспеушілігі жағдайында дамитын гипоксияны өтейді. Нәтижесінде науқастарда ентігу азаяды, жүрек, бүйрек, бауыр қызметі қалыпқа келеді, метаболизм өнімдерімен уыттануы төмендейді. Оттегімен қамтамасыз етудің қолжетімділігі науқастың өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді.