ЖәдігерРуханият

Мағауияның домбырасы

Балқаштық домбырашы Мейрам ЕРМЕМБЕТОВ, күйші-композитор Мағауия ХАМЗИННІҢ киелі домбырасын көзінің қарашығындай сақтап отыр. Қазақ халқының күйшілік өнерінде өзіндік өрнек салып, өрісін ұзартқан дәулескер күйші Мейрам ағамызға домбырасын аманаттап, сыйға тартқан екен.

– Еліміздің рухани әлеміне тыңнан түрен салған дара тұлға Мағауия Хамзин аталмыш домбыраны 1996 жылы балама сыйлады. Ол кезде күйші Балқаш қаласында тұратын. Жиі араласып тұрдық. Шәкірті болып соңынан ердік. Бірде үйде қонақта болып, күй тартып отырғанда екінші ұлым күй ырғағына тербетіліп билей жөнелді. Сонда разылық танытып, қолындағы домбырасын сыйлап, балама батасын берген еді. Бұл домбыраны күйші өз қолымен жасаған. Ол кісі тіршілігінде бабаларымыздан қалған ұлттық аспаптардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, оны жасауда көп еңбек сіңірді. Қазақ домбырасының қоңыр үнін қайтарамыз, қалпына келтіреміз деген талпынысы күшті болды, – дейді Мейрам Ермембетов.

Мейрам ағамыз күйші домбырасының дыбыстық, саздық, құрылымдық жағынан артықшылықтары бар екендігін айтады. Алдағы уақытта тарихи жәдігерлерді барынша насихаттап, ұлттық құндылық ретіндегі мәртебесін биіктетуге күш салмақшы.

Нұрдос КӘРІМ.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button