КоронавирусРесми

Қарағанды облысының емханаларына тегін антибиотиктер түседі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында сақтандырылған COVID-19 және пневмониямен ауыратын науқастарға тиесілі тегін антибиотиктер апта соңына дейін Қарағанды облысының емханаларына түсуі тиіс. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың қыркүйек айына дейін өңірде бес компьютерлік томография кабинетін ашу жоспарлануда. Бұл туралы Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев хабарлады.

Келесі аптада пневмония мен КВИ-дан үйде емделетіндер қажетті антибиотиктерді тегін ала алады. Облыс емханаларына 87 мың бірлік азитромицин және 100 мыңнан астам бірлік амоксициллин келіп түседі.

Қажетті дәрі-дәрмекке рецептіні тіркеу орны бойынша емханаға жүгіну арқылы немесе DаmuMed қосымшасын пайдалану арқылы алуға болады.

Сондай-ақ, осы аптаның соңына дейін өңір стационарларына қажетті дәрі-дәрмектер түсуі тиіс.

Медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектің болмауы мәселелері бойынша денсаулық сақтау басқармасының call-орталығына 95-55-59 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Облыста медициналық мекемелерді техникамен қамтамасыз ету де жалғасуда.

Қазір өңірде ӨЖЖ аппараттарымен жабдықталған 150 реанимациялық төсек бар. Тағы 27 аппарат осы аптада ауруханаларға түседі. Осындай 100 құрылғыны сатып алуға бюджеттен ақша бөлінді.

Облыстың медициналық мекемелерінде 200 оттегі концентраты бар. Олар науқастардың қанында оттегінің қажетті деңгейін сақтауға көмектеседі. “Қазақмыс” корпорациясы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша 200 аппарат сатып алады.

Биылғы жылдың қыркүйек айына дейін Қарағанды облысында компьютерлік томографияның бес кабинеті ашылады.

Басқа материалдар

Back to top button