Бас тақырып

№16 орта мектеп ғимараты мемлекет меншігіне қайтарылды

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты прокуратураның талап-арызы негізінде №16 орта мектептің қос қабатты ғимараты мен 1 гектардан астам жер телімін сату-сатып алу мәмілелерін жарамсыз деп таныды.

Сурет ortcom.kz

Сотқа жүгінуге №16 орта мектебінің екі қабатты ауданы 1165,79 шаршы метр жапсарлас ғимаратын кеңейтуін жекешелендіру және 1 гектардан астам жер телімін беру кезіндегі заң бұзушылықтар себеп болды.

Оқу орны жұмысын жалғастыруына байланысты мектеп балансында тұрған нысан жекешелендіруге жатпайтыны анықталды. Мәміле қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып жасалған.

– Сот прокуратураның талаптарын қанағаттандырып, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп таныды, Қарағанды қаласы әкімдігінің тиісті қаулысының күші жойылды. Мүлік мемлекеттік коммуналдық меншікке қайтарылды. Шешім 2025 жылғы 20 маусымда заңды күшіне енді, – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Бұған дейін прокуратураның бастамасымен заң бұзушылықпен берілген Ленин атындағы кинотеатр да мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button