Бас тақырыпЖаңалықтар

16 миллиардқа жуық пайдаланушының логині мен құпиясөзі хакерлік шабуылдар арқылы ұрланған

«Cybernews» сарапшыларының мәліметінше, 16 миллиардқа жуық пайдаланушының логині мен құпиясөзі хакерлік шабуылдар, зиянды бағдарламалар мен фишинг арқылы ұрланған, – деп хабарлайды  ortalyq.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.

Сурет:fortune.com

Ғаламторда 30-ға жуық ірі дерекқор жарияланған. Олардың әрқайсысында миллиондаған аккаунт мәліметтері бар.

Хакерлік шабуылдан Apple, Facebook, Google, Telegram сынды ірі платформалардың қолданушылары да зардап шеккен.

Сарапшылар барша интернет қолданушыларын қауіпсіздік шараларын күшейтіп, аккаунттарының құпия сөзін дереу ауыстыруға шақырады.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button