Дәрігерлерге үй беріледі

Жаңаарқалық дәрігерлерге арналған тұрғын үй жақында дайын болады. Аудан әкімдігі мен «Сарыарқа-ENERGY» ЖШС компаниясы арасындағы әріптестік жөніндегі меморандумның арқасында Жаңаарқа ауданында біршама игі істер тындырылуда.

Меморандум шеңберінде бүгінгі күні аудан орталығындағы ескі ғимарат қайта жөндеуден өтіп, бес пәтерлі тұрғын үй жаңғыртылуда. Компаниядан 15 млн. теңге қаражат бөлініп, оның 10 млн. теңгесі толық игерілді. Үйдің шатыры, есік-терезелері қойылды. Ішкі қабырғалары тұрғызылды.

Ескі нысанның қайта жөнделу жұмыстарын назарға алған аудан әкімі Юржан Бекқожин жауапты басшылармен кездесті. Жөндеу жұмыстарының мамыр айында толық аяқталуын тапсырды.

Жаңа пәтерлер медицина қызметкерлеріне беріледі деп көзделуде.

Индира АСАМИДАНОВА,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.