Жаңалықтар

Қарағандыда мемқызметтегі әдеп мәселелері қаралды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді.

Суреттер автордан

Отырыста Қарағанды облысының мемлекеттік органдарындағы тәртіптік комиссиялардың 2025 жылдың II тоқсанындағы қызметінің нәтижелері, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру талаптарының сақталуы мен іссапар шығындарын өтеу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелері Қарағанды облысы бойынша Еңбек мемлекеттік инспекциясы департаментінің, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығының, сондай-ақ, Абай ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы есептерін тыңдады.

Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері мемлекеттік қызмет саласындағы заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шараларды күшейтуге бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар енгізді.

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті

Басқа материалдар

Back to top button