Бас тақырыпЖаңалықтар

Облыста білім беру жүйесі жүйелі түрде дамып келеді

Сурет sabaqtar.kz

Құрметті қарағандылықтар!

Қадірлі педагогтер, ата-аналар және оқушылар!
Сіздерді Білім кү­німен және жаңа оқу жы­лының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

1 қыркүйек – жастарымыз білімге бас қоя­тын, қуанышқа, үмітке толы ерекше күн. Бі­рінші сынып оқушылары үшін бұл мектеп табалдырығын аттап, алғашқы қоңырау соғылатын таңғажайып білім әлеміне алғашқы қадам жасалатын, ал, мектеп бітіретін түлектер үшін мамандық таңдау мен болашақ бағыт-бағдарды айқындайтын жауапты кезең.

Біздің облыста білім беру жүйесі жүйелі түрде дамып келеді. Мектептер салынып, жаңғыртылуда, заманауи технологиялар енгізіліп, оқыту бағдарламаларына заманға сай өзгерістер енгізілуде. Мұ­ның бәрі сапалы білім алуға және әр баланың әлеуетін ашуға қолайлы мүмкіндіктерді туғызады.

Құрметті мұғалімдер мен ата-аналар! Сіздер балаларымыз үшін сенімді тірек және оларды білім нәрімен сусындатып, болашаққа бағыт сілтер тәлімгерсіздер. Тек бірлесіп қана біз ертеңгі күнге сеніммен қарай алатын, ұлт қажетіне жарайтын, қиындықтардан қорықпайтын және жаңа биіктерге ұмтылатын ұрпақты тәрбиелей аламыз.

Жаңа оқу жылы балаларымыздың жаңа же­тістіктеріне толы болсын, әр жас жаңа білім белестерін бағындырып, еліміздің атпал азаматына айналсын!
Білім күні құтты болсын!

Е.Бөлекпаев,
Қарағанды облысының әкімі
Н.Кобжанов,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button