Тоғыз балаға тарту
Жаңа оқу жылы басталар алдында Үміткер ауылдық округіндегі “Төрткөл” шаруа қожалығының басшысы Серік Ерғалиұлы Төкенов “Мектепке-жол” акциясы аясында биыл 1-сыныпқа баратын 9 балаға оқу құралдары салынған жаңа портфель тарту етті.

Қазірде жүзден артық ірі қара мен жылқы өсіріп, 50 гектар алқапқа егін салып отырған Серік Ерғалиұлы байлығы асып, дәулеті тасып бара жатпаса да , былтыр да жерлес бүлдіршіндерге осындай қамқорлық жасаса, енді осы жолы да оларға көмек қолын созып, қуаныш сыйлады.
– Бізде “Мектепке-жол” акциясы одан әрі жалғасады.Сол үшін округ аумағындағы жеке кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтарының басшыларымен келіссөздер жүргізіп, сөйлесіп жатырмыз, – дейді Үміткер ауылдық округінің әкімі Ерсін Зәлелов.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы