Бас тақырып

Металлургия – ел экономикасының тірегі

Құрметті металлургтер мен сала ардагерлері!

Сурет qazaq1913.com

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл күн тек сала өкілдері үшін ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін де маңызды, өйткені, металлургия – ұлттық экономиканың тірегі, елдің өнеркәсіптік күші мен дамуының қайнар көзі.

Біздің аймақтың тарихы металлургия өндірісімен тығыз байланысты. Сіздердің еңбектеріңіздің, қызметке адалдықтарыңыз және табандылықтарыңыздың арқасында біздің аймақта металлургия саласы дамып келеді.

Металлург мамандығы тек жоғары білім мен шеберлікті ғана емес, сонымен бірге, нағыз батылдықты, рух пен төзімділікті қажет етеді. Сіздердің әрқайсыларыңыз жауапкершілік пен кәсібиліктің үлгісі болып табыласыздар. Сіздердің өнеркәсіпті дамытуға, экономиканы және әлеуметтік әл-ауқатты нығайтуға қосқан үлестеріңіз құрметке лайық.

Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт тілейміз. Мереке құтты болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button