ЖаңалықтарҚоғам

Бақытқа бөлеген «Бақытты отбасы»

Былтырдан бері облыс орталығында «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 113 отбасы 108 миллион теңгеден астам сомаға тұрғын үй сертификатын алды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сертификатты беру ережесін әзірлеген болатын. Оларды жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бағдарлама шеңберінде пәтер сатып алу кезінде бастапқы жарна үшін әлеуметтік көмек ретінде ұсынады.

Аталмыш көмекті айлық отбасы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі көрсеткішінен төмен азаматтар ала алады. Сертификат сомасы 1 миллион теңгеден аспайды. Яғни, тұрғын үй құнының 10 пайызы.

Әдетте, сертификаттар ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көпбалалы ата-аналарға, жалғыз басты аналарға беріледі. Олардың барлығы баспана кезегінде тұруы керек. Бұл шарт міндетті болып табылады. Бағдарламаға қатысу үшін Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөліміне жүгіну қажет.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button