Руханият
Мәһір
Газетіміздің 25 шілде күнгі №80 (22 821) санындағы сауалымызға жауап келді. Дұрыс жауапты бірінші жолдаған Қарағанды қаласының тұрғыны Мақсат МҰЗДЫБАЕВ.
Ертәуіл
«Ертәуіл – тыңшы, шолғыншы, барлаушы, бақылаушы деген мағынаны білдіреді. Ертәуіл сөзі мен оның синонимдері көбіне жазушылардың туындыларында кездеседі. Мәселен, «Көш көзден жоғалған кезде Карпов пен Серғазы жасақтарының ертәуілдері де жеткен» (I. Есенберлин). Бұл Ілияс Есенберлиннің қазақтың көне сөзін тани білгендігін аңғартады. Бүгінде ұмытылып бара жатқан сөздер қатарында» делінген хатта.
Келесі сауалымызға назар аударыңыз!
Мәшһүр Жүсіп шығармаларында кездесетін «Мәһір» сөзі қандай мағына береді?
Сауал сырына үңілген Жәлел ШАЛҚАР.