Жаңалықтар

Жалған банкноталарды қалай айырып білуге болады

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қарағанды филиалы аймақ тұрғындарын қырағы болуға нағыз банкноталарды жалған банкноталардан айыруға көмегін тигізетін бірнеше қағидаларды сақтауға шақырады.

Бастапқыда нағыз банкнотаны сезе білу қажет. Банкнота қағазының өзіне тән сипаты бар және ультра фиолетті сәуленің әсерімен жалтырамайды. Банкноталарда бедер құратын арнайы мөр бар. Бұл бедерді «Қазақ Елі» монументі, банкнота номиналының әріптік бейнесі, архитектуралық бейнесі, Қазақстан картасы және «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» сөзі орналасқан бейнеден байқауға болады.

Осыдан кейін банкнотаны аса ұқыптылықпен қарау қажет. Банкнотаның түсі айқын және қарама-қарсы болу қажет, «Самрұқ» құсының бейнесін көрсететін сутамғы белгісін көру үшін жоғары айқындық деңгейі бар және номиналдың сандық бейнесі бар банкнотаны жарық сәулеге қарау қажет.

Осылайша, банкнотаның бетінде жарық сәулеге айқын көрінетін жазбалармен бірыңғай жолақ түріндегі біртегіс магнитті және көрінбейтін жолаққа көңіл аудару қажет.

Және де банкнотаны бұру қажет. Номиналы 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкноталарда түсін өзгертетін бояумен боялған бейнелер бар. Банкнотаның бұрышының иілуін өзгерткен жағдайда бейнелердің түсі жасыл түстен алтын тәрізді түске дейін өзгереді.

Номиналы 2000 және 5000 теңге банкноталардың сыртқы жағында голографиялық жолақтар бар. Голограммадағы бейнелер құбылып тұрады және диамикалық әсер береді.

Банкноталарды жылдам көзбен шола отырып, осы әдістерді сезініп, бұрып қарай отырып, арнайы құралды қолданбастан банкноталардың түпнұсқалылығын анықтау әбден мүмкін.

Бұл әдіс 5 секунд уақыт алады және әрбір адамға банкноталардың түпнұсқалылығын анықтауға көмектеседі.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі»

РММ Қарағанды филиалының баспасөз орталығы.

Басқа материалдар

Back to top button