Жезқазған мен Сәтбаев ауруханалары қосымша ӨЖЖ аппараттарымен жабдықталады
Жезқазған өңірінің медициналық мекемелері ауыр науқастарды емдеуге арналған қосымша жабдықтармен жарақтандырылады. Қазірдің өзінде 14 ӨЖЖ аппараты сатып алынды, тағы 13-і жақында жеткізіледі. Бүгінгі таңда қажетті жабдықты «Қазақмыс» корпорациясы сатып алуға көмектеседі.
Сондай-ақ компания 150 оттегі концентратын, 70 пульсоксиметрлерді және 2 рентген-аппаратты сатып алады. Жабдықтар Жезқазған және Сәтбаев ауруханаларына таратылады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке Жезқазғанда медицина қызметкерлерімен өткен кеңес барысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.
Кеңесте облыс басшысы жергілікті ауруханаларды дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін көтерді және Қарағандыдан қосымша дәрігерлер бригадасына жіберу міндетін қойды. Сондай-ақ олар келген кезде тұру үшін барлық жағдай жасауды тапсырды.
– Мен бүгін мұнда эпиджағдаймен жеке танысу үшін келдім. Білемін, кейбір проблемалар бар. Олардың бірі – медкадрлардың тапшылығы. Мәселе менің жеке бақылауымда. Дәрігерлер іздейміз. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне халықтан шағымдар да бар. Жалпы облыс бойынша жеткізу басталды. Менің міндетім – ірі партияларды қамтамасыз ету, ал одан әрі әкімдер дәрі-дәрмектерді дәріханаларға жеткізу үшін қажет болған жағдайда тасымалдаумен айналысуы тиіс, – деді Жеңіс Қасымбек.
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Юрий Залыгиннің баяндамасы бойынша, Жезқазған қаласына ыстық басатын және вирусқа қарсы препараттардың бірінші партиясы жеткізілді. Бірақ халық оларды тез сатып алып жатыр. Бейсенбі және сенбі күндері дәрі-дәрмектердің қосымша партиясы күтілуде.
Сонымен қатар, Юрий Залыгин Экономикалық тергеу департаментімен бірлесе отырып, Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының бес дәріханасында дәрі-дәрмек бағасының артуы және дәрі-дәрмектерді рецептісіз сату фактілері анықталғанын хабарлады. Бұзушылықтар бойынша әкімшілік заңнама шеңберінде шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ ЭТД-мен бірлесіп дәрі-дәрмектермен алыпсатарлық фактілерді анықтау бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Жиын соңында облыс әкімі медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен азаматтардың денсаулығын сақтау ісіндегі жанқиярлық еңбегі үшін Сәтбаев қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Гаухар Жалмурзина «Құрмет» орденімен; Жезқазған қаласының «Медициналық орталығы» ЖШС директоры Владимир Моторыкин «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Қарағанды облысында барлығы 15 дәрігер мемлекеттік марапатқа ие болды.
Бүгінгі күні Жезқазғанда 440 орындық төрт жұқпалы аурулар стационары жұмыс істейді. Ондағы жүктелім шамамен 62% құрайды. 350 төсектік бір пульмопровизорлық госпиталь жұмыс істейді, оның ішінде 57%-да науқастар орналастырылған, сондай-ақ 90 орынға арналған екі карантиндік госпиталь жұмыс істейді. Және 15 реанимациялық төсек бар.
Сондай-ақ жұқпалы аурулар ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жеңіс Қасымбек Жезқазған аймағы бойынша жұмыс сапары кезінде нысанды аралап қайтты. Стационардың ашылуы осы жылдың күзіне жоспарланған.