Аймақ
15 наурызда Қарағанды облысында автобустарда жүру тегін
Бүгін, 15 наурыз күні, облыс тұрғындары үшін автобустар тегін жүреді. Бұл жеңілдік барлық жолаушыларға бірдей қатысты.ьСондай-ақ Абай, Балқаш, Қарқаралы, Саран, Приозерск, Теміртау, Шахтинск қалаларында, сонымен қатар Нұра және Ботақара кенттерінде қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады.

Акция тек референдум өтетін күнге байланысты ұйымдастырылып отыр. Қарағанды қаласы әкімдігінің хабарлауынша, автобус бағыттарында жол жүру тегін болады.
Қоғамдық көліктер демалыс күнінің кестесімен қатынайды. Ал автопарктер қалыпты жұмыс тәртібіне 16 наурыз, дүйсенбі күні қайта көшеді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



