Ресми

15 наурызда Қарағандыда автобустарда тегін жүруге болады

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, референдум күні – 15 наурызда Қарағандыда қалалық және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін. Қоғамдық көлік жексенбі күннің кестесі бойынша жұмыс істейді.

Сурет облыс әкімдігінен

Сондай-ақ Абай, Балқаш, Қарқаралы, Саран, Приозерск, Теміртау, Шахтинск қалаларында, сонымен қатар Нұра және Ботақара кенттерінде қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады.

16 наурыздан бастап автобустар қалыпты режимде қатынайтын болады.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button