ЖаңалықтарРесми
15 мамырда аймақта электр сиреналары қосылады
Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті өңірде дайындықты тексеру үшін 15 мамырда электр сиреналары іске қосылатынын хабарлады.
– Ескерту жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 15 мамырда сағат 12:55-те барлық қолжетімді дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Осыған байланысты департамент Қарағанды облысының барша тұрғындары мен қонақтарын үрейленбеуді және қауесеттерге сенбеуді сұрайды. 15-16 мамыр аралығында аймақта электрлік ескерту жүйелерін сынақтан өткізумен қатар табиғи өрттерді жою бойынша оқу-жаттығулар өтеді, – дейді ТЖД баспасөз қызметі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ