АймақҚарағанды

«Таза Қазақстан»: Қарағандыдағы Құрылысшылар даңғылын 100-ден астам адам ретке келтірді

Қарағанды әкімдігінің қолдауымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қалада Құрылысшылар даңғылының 5 шақырымынан астам – Мұқанов көшесінен Шахтерлер даңғылына дейінгі учаскесінде санитарлық тазарту науқаны өтті. Бұл бастама 100-ден астам қарағандылықтарды біріктірді: еріктілер, жеке ұйымдардың қызметкерлері, коммуналдық қызметтердің қызметкерлері, жұртшылық өкілдері және жай ғана жанашыр тұрғындар.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Акцияға қатысушылар қоқысты, жапырақтарды, бұтақтарды жинап, тротуарлар мен жол жиектерін қыста жиналған қоқыстан тазартты.

–  Біз «Таза Қазақстан» бастамасын белсенді түрде қолдаймыз, өйткені тазалық пен абаттандыру – бұл коммуналдық қызметтердің ғана емес, әр тұрғынның жауапкершілігі. Бүгінгі акция қарағандылықтардың ортақ іс үшін бірігуге дайын екенін көрсетті. Мұндай іс-шаралар қоғамда қоршаған ортаға қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастырады және азаматтық жауапкершілікті тәрбиелейді деп сенемін, – деп есептейді эко ерікті Занғар Серіков.

Экологиялық акциялар қала көшелерінің санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, қоғамның бірігуіне және еріктілер қозғалысының дамуына ықпал етеді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button