Жаңалықтар
Н.Назарбаевқа тиесілі Rixos Beldibi қонақүйі ҚР Президенті Іс басқармасына берілді
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Антальядағы өзіне тиесілі Rixos Beldibi қонақүйін ҚР Президенті Іс басқармасына берді. Бұл ақпаратты Stan.kz сайты хабарлады.
2022 жылдың наурызында Үкімет жанындағы экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды. Алайда, мемлекетке қайтарылған активтер туралы толық мәлімет әлі жарияланбады.
Rixos Beldibi қонақ үй Қазақстанда “Алатау “қонақ үйі” АҚ ретінде тіркелген. Қонақүйдің 77%-ға жуық үлесі «Елбасы қорына» тиесілі. Бұл қор Нұрсұлтан Назарбаевтың иелегінде. Үкіметтің 2022 жылғы 15 ақпанында қабылданған Қаулысына сәйкес “Алатау “қонақ үйі” АҚ ҚР Президенті Іс басқармасына берілген.
Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ