Жаңалықтар

Саудада саябыр жоқ

2022 жылдың бірінші жарты жылдығында облыста бөлшек сауда айналымы 506,7 млрд. теңгені құрап, 2021 жылғы тиісті кезеңнен 1,1 пайызға артық шықты. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 55,6 пайызы – азық-түлік емес, 44,4 пайызы – азық-түлік тауарлар. Бұл туралы облыстың статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бөлшек сауданың негізгі көлемін базарларда сататын және жеке кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың тауар айналымының көлемі алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,5 пайызға көбейіп, облыстағы бөлшек тауар айналымының 50,9 пайызын құрады.

Сатудың басым көлемі Қарағандыға тиесілі – 423 млрд. теңге. Ол облыстық тауар айналымының – 83,5 пайызы. Облыстық тауар айналымның Теміртауға 9 пайызы, Балқашқа 3 пайызы тиесілі. Басқа өңірлердің үлесі 1 пайыздан (Абай ауданы) 0,2 пайызға (Нұра ауданы) дейін ауытқиды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Жалпы статистикалық деректер 2022 жылғы қаңтар-маусымда көтерме сауда көлемі 610,1 млрд. теңге. Алдыңғы жылғы сәйкес деңгейден 7,5%–ға жоғары екенін мәлімдеп отыр.

Өз тілшімізден. 

Басқа материалдар

Back to top button