Жаңалықтар

Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустың 1373 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 327, облыс “жасыл” аймақта. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 8 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 157 647 жағдай тіркелді. 2022 жылдың 8 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,2%-ды құрайды, яғни 727 103 адам егілді, бұл жалпы халық санының 50,9%-ын құрайды.

Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен 66,5% немесе 679 593 адам егілді, бұл жалпы халық санының 47,5%-ы. 2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 256 543 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын халықтың 69,4%-ы.2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Ағымдағы жылдың 8 тамыздағы мәліметтер бойынша 27 128 адам егілді, бұл қамтылуы тиіс тұрғындардың 55%.Вакцинация коронавирустық инфекцияның алдын-алудың ең тиімді әдісі болып табылады, ревакцинация иммунитетті арттырады. Вакцинацияны алу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға жүгіне аласыз.

Естеріңізде болсын, біз өз денсаулығымыз бен айналамыздағы адамдардың денсаулығы үшін жауапкершілікті көрсете отырып, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермейміз.

Басқа материалдар

Back to top button