Руханият

Арқа жұрты ақынын ардақтады

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Ыстыбұлақ», «Ар-Рух» жыр жинақтарының авторы Руслан Нұрбай 50 жасқа толуына орай қалың оқырманына есеп берді. 25 жасында-ақ бір өлеңімен Алматының әдеби ортасын жалт қаратып, Қазақстан Жазушылар одағына қабылданған ақын Кеншілер мәдениет сарайында «Үтірсіз уақыт…» атты жыр кешін өткізді.

Суреттерді түсірген Бақтияр РЫМБАЕВ.

Поэзия кешінде Арқа жұртының алдында Қазақсан байтағына өзінен бұрын өлеңі жеткен ақынның «Үтірсіз уақыт…» деген жаңа өлеңдер кітабының тұсауы кесілді. Руслан Нұрбай оқырманының алдында күркіреп өлең оқыды.

Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей ақынға аймақ басшысының құттықтауын жеткізіп, құрмет көрсетті. Алыс-жақыннан келген қаламдас аға-бауырлары шайырдың шығармашылығы жайлы ордалы ойларын ортаға салып, шалқар шабыт тіледі.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button