Бас тақырып

Аймақ басшысы Саран қаласының тұрғындарымен кездесті

Биыл облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындармен 13 кездесу өткізіпті. Әрі кездесу барысында 400-ге жуық мәселе көтерілген. Ал, өңір басшысының жеке қабылдауына 139 қала мен аудан тұрғындары жүгінген. Күні кеше Ермағанбет Бөлекпаев Саран қаласындағы мәдениет үйінде қала тұрғындарымен осы жылдың қорытынды кездесуін өткізді.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Кездесу барысында аймақ басшысына жылу жүйесі, электр желілері және жол мәселесіне байланысты сұрақтар қойылды.

– Жалпы айтқанда Саран қаласы даму үстінде. Бірақ, әлі де жұмыс істеу керек. Бірінші кезекте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және инженерлік инфрақұрылымды жаңарту мәселесі тұр. Су құбыры желілерін қайта жаңарту жүргізілуде. Одан бөлек, қаланы сумен тұрақты қамту мақсатында екінші су таратқышты жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл жоба келер жылы аяқталуы тиіс, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Қазіргі уақытта Saran Солтүстік өнеркәсіптік және Индустриялық аймағының алаңында жалпы құны 380 млрд. теңгеге жуық тоғыз инвестициялық жоба іске асырылуда. Соның арқасында алты мыңға жуық жұмыс орны құрылған.

Одан бөлек, кездесу барысында қала тұрғындарының тарапынан жол мәселесі де көтерілді. Тұрғындардың айтуынша, индустриялық аймақтан Қарағандыға тікелей қатынайтын жол қажет. Себебі, индустриялық аймаққа қатынайтын жол біреу ғана болғандықтан, ауыр жүк көліктері жолды тоздырған. Сондықтан, бұл мәселе де алдағы уақытта зерттелетін болды.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қала әкімі Дарын Бұлқайырға да абаттандыру мәселесі бойынша түрлі сұрақ қойылды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button