Жаңалықтар

Жер кадастрынан мәліметтерді енді eGovMobile қосымшасы арқылы алуға болады

Енді қазақстандықтар ЖСН-де тіркелген жер учаскелері туралы мәліметтерді тікелей өз телефонынан ала алады.


еGovМobile мобильдік қосымшасында өз жер учаскелеріңіз туралы мәліметтерді алу үшін «Жылжымайтын мүлік» бөлімін ашу және «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» қызметін таңдау қажет. Содан соң ЖСН бойынша жер телімінің бар-жоғына сұрау салу жіберу, тізімнен 1-10 жер учаскесін таңдау және ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен қол қою арқылы мәліметтер алуға өтінім жіберу.

– «Қалтадағы ХҚКО» тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, біз eGovМobile қосымшасындағы қызметтер мен сервистердің санын барынша көбейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл азаматтарға мобильді болуға және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу процесін барынша жеңілдетуге мүмкіндік береді. Егер бұрын аталмыш ақпаратты алу үшін бірнеше күн қажет болса, қазір оны 15 минутта алуға болады, – деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов. 

Анықтамамен «Тапсырыстар тарихы» бөлімінде танысуға, сақтауға және талап ету орны бойынша ұсынуға болады.

eGovMobile мобильді қосымшасы GooglePlay және AppStore-да жүктеуге болады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button